Конституция авторларының бірі қайтыс болды
Академик Сұлтан Сартаев 92 жасқа қараған шағында өмірден озды
Бүгін белгілі академик, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаев қайтыс болды. Бұл туралы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сұлтан Сартайұлы Сартаев 1927 жылы 15 қазанда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған ауылында дүниеге келген. 1949 жылы Алматы заң институтын, 1952 жылы Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген.
Ол 1955 жылдан бастап республиканың ірі заң жобаларын жасауға атсалысты. Қазақстан Республикасы тілдер туралы Заңдардың, Республика Президентінің Қызметін тағайындау, Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңын, Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заң жобаларын жазуға қатысқандардың бірі.