«Мақсатшыл еді»: Шарын шатқалында оқушыларды құтқару кезінде қаза тапқан мұғалім туралы

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға салдарынан екі адам көз жұмды

Фото: instagram.com/ibragimovmerey

29 мамырда Шарын шатқалында жүріп өткен сел салдарынан қайғылы оқиғадан экскурсияға барған бір оқушы мен мұғалім көз жұмды. Сондай-ақ сел ағызып әкеткен 11 жастағы оқушы 3-4 шақырым жерден табылды.

Алматы қаласы білім басқармасындағылардың айтуынша, қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған 26 жастағы Мерей Ибрагимов көркемөнер пәндерінен сабақ берген. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға кезінде Мерей Ибрагимов балаларға көмектескен.

«Өте жауапты, барлық оқушының сүйікті ұстазы, өз ісінің шебері болатын. Бірнеше буын түлектеріне білім берді. Шығармашыл, өмірде көшбасшы, мақсатшыл еді», – деді басқармадағылар.

Мерей Ибрагимов кейінгі 3 жылда ол №199 гимназияда жұмыс істеген. Жалпы еңбек өтілі - 5 жыл.