Шымкентте жас жігіт аттракционнан құлап қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Мектепті енді бітірген бозбала саябақта жұмыс істеп жүрген

Шымкентте аттракционнан құлап кеткен 17 жастағы бозбала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жас жігіт жедел жәрдем қызметі жеткенше оқиға орнында қайтыс болды», - деп жазды Otyrar.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша бозбала мектепті аяқтаған соң саябақта жұмыс істеп жүрген. Ол металл конструкцияға шыққан сәтте кенеттен төменге құлап кеткен.

Қазіргі уақытта саябақ жабық. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.