Қайғылы оқиға 27 мамыр күні Теректі ауданында болған
Батыс Қазақстан облысында 20 жастағы жігіт суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 27 мамыр күні Теректі ауданы Подстепный ауылы тұсында болған.
«Кешкі сағат 18.50-де ауыл маңындағы өзенге 20 жастағы жігіттің батып кеткені жөнінде 102 телефонына хабар түсті. Оқиға орнында құтқарушылар мен жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Полиция өкілдері тұрғындардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Сондай-ақ, белгіленбеген жерде суға шомылмауға шақырады.