1 сынып оқушылары ата-анасының рұқсатынсыз суға шомылуға барған
Ақмола облысында кәмелетке толмаған екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жылдың 25 мамыры сағат 17.23-те Аршалы ауданы ӨКМ кезекшісінен № 42 разъезд станциясының жанында белгісіз жағдайларда кәмелетке толмаған екі баланың суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Оқиға орнында Аршалы ауданы ТЖБ қызметкерлері екі адам және 1 бірлік техника, Аршалы ауданы ІІБ қызметкерлері бес адам және 1 бірлік техника, Нұр-сұлтан қаласы ТЖД "ЖҚБ" ММ қызметкерлері төрт адам және 1 бірлік техника жұмыс істеді.
Айта кету керек, оқиға орнына келген бойда № 42 разъезд станциясынан 200 м қашықтықта, су басқан учаскеде 2013 жылы туған кәмелетке толмаған екі бала 1-сынып оқушылары екені анықталды.
Мән-жайларды анықтау, сондай-ақ куәгерлерден (марқұмның әкесінен) сұрау кезінде ата-анасының рұқсатынсыз үш бала үйден шығып, жоғарыда көрсетілген учаскеде шомылуға барғаны анықталды. Шамамен 16.30-да кіші ұлы үйге жүгіріп келіп, әкесіне шомылып жүрген ағалары көмек сұрағанын айтты. 16.55-те әкесі өмір белгілері жоқ ұлды алып шықты. Кейін сағат 18.34-те Нұр-сұлтан қаласы ТЖД "ЖҚБ" ММ қызметкерлері суға батқан баланың жиенін алып шықты. Аршалы ауданы ӨКМ қызметкерлерімен сот медициналық сараптама тағайындалды.