Өрттің себебі анықталды
Әлеуметтік желіде Ақорда резиденциясы мен Жоғарғы сот ғимараты маңынан шығып жатқан түтіннің видеосын жарияланды.
Желіде тағана ақпаратқа сәйкес, 25 мамырда сағат 14:06-да Қонаев көшесінде терек мамығы жанып жатқан.
Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер сағат 14:13-те оқиға орнына жетіп, 250 шаршы метр аумақта терек ұлпасы жанып жатқанын анықтап, өрт сағат 14:29-да сөндірілген.
Еске сала кетейік, қала көшелерінде терек ұлпасының көптеп жиналуы мен ауа температурасының +35-ке дейін көтерілуі өрт қаупі күшейе түскен.