Қыз оқиға орнында көз жұмды
Атырауда 26 жастағы қызды автобус қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy АқЖайыққа сілтеме жасап.
23 мамыр күні сағат 20:20 шамасында Привокзальный ықшамауданында №57-бағыттағы автобустың 49 жастағы жүргізушісі 26 жастағы қызды қағып кетті.
"Жаяу жүргінші белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан. Алған жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Тексеру жүріп жатыр", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге белгілі болғаны, оқиға болған уақытта жүргізуші ауысымы аяқталып, көлік паркіне бара жатқан екен.