Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Жас жігіт судағы қауіпсіздік шараларын сақтамаған

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт көлге батып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

2021 жылғы 22 мамырда сағат 19.04-те Ерейментау АПБ кезекші бөліміне А.Бекболат көшесі, 22-үй мекенжайы бойынша тұратын Ерейментау қаласының 49 жастағы тұрғынынан Қоржынкөл ауылының шалғайдағы учаскесінде орналасқан Қоржынкөл көлінде оның 18 жасар жиені суға батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Алдын ала мәлімет бойынша, өлімнің себебі судағы қауіпсіздік шараларын сақтамау болды.

Полиция жылы күндердің басталуына байланысты, жағажайлар әлі ресми түрде ашылмағанына қарамастан, азаматтар су қоймаларының жанында демалуға тырысатынын, ең қайғылы жағдайлар ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде жиі болатынын атап өтті. Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында полицейлер апта сайын профилактикалық рейдтер мен су айдындарына мониторинг жүргізуді, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Тәртіп сақшылары азаматтарға су айдындарында қырағылық пен сақтық танытуды ескертеді.