Атырау облысында ірі өртті сөндіруге тікұшақ тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Каспий теңізінің жағасындағы 32 гектар аумақ отқа оранды

Атырау облысы Каспий теңізінің жағасындағы 32 гектар аумақ отқа оранды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Батпақтың кесірінен өртеніп жатқан жерге жақындау мүмкін емес. Отты өшіруге тікұшақ пен арнайы техникалар жұмылдырылған. Алайда қызыл жалын дес берер емес.

Әуеден барлау барысында аумағы 10 гектардан асатын 6 өрт ошағы анықталған. МИ-8 тікұшағымен әуеден су шашу арқылы оның төртеуі сөндірілді.

«Қазір ауа райының күрт ысып кетті. Көбінесе қамыс жылдан-жылға орылмайды, қурайды, шіриді. Сол себептен де болуы мүмкін. Төтенше жағдай департаментінен 5 техника, 14 адам және МИ-8 тікұшағы мен департаменттің жеке құрамы өрт болып жатқан жерге барып, сөндіріп жатыр», - деді қалалық ТЖ басқармасының бастығы Нұржан Жақатаев.