Қазақстандық боксшы салмағы 146 келі тартатын қарсыласын нокаутпен жеңді

Автор: Azattyq Rýhy

6 раундық кездесу 2,5 минутта аяқталды

скриншот: видео

Қазақстандық боксшы Данила Семенов (2-0, 1 КО) Ресейде өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шықғып, салмағы 146 килограмм тартатын тәжірибелі боксшысы 1-раундта сұлатты.

Негізі, супер ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа есептелген, бірақ қазақстандық қарсыласын екі жарым минутта сұлатып, нокаутпен жеңді. 

Осборн Мачимана - Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы (23-13-2, 17 КО). Ауыр салмақтағы боксшы осымен 14-ші жеңілісіне ұшырады.

Осылайша, Данила Семенов кәсіби бокстағы үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Оның екеуі нокаутпен аяқталды. 21 жастағы қазақстандық спортшы кәсіби боксқа өткен жылдың қазанынан бастап бет бұрды.