21.05.2021, 09:42
Оқиғалар
Павлодарда монша кешені өртенді
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда
Павлодарда монша кешені өртенді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«2021 жылғы 20 мамырда сағат 22:36-да М.Жүсіп көшесі, 161 мекенжайы бойынша орналасқан үйдегі өрт туралы хабарлама түсті. Жеке меншік үй аумағында 70 шаршы метр алаңда екі қабатты ағаш ғимарат шатырының ағаш конструкциялары жанған, оның бірінші қабатында монша орналасқан», - деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.
Өрт сағат 23:16-да сөндірілді.
Төтенше жағдай орнына жеке құрамнан 11 адам және 2 техника шықты.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)