21.05.2021, 02:43
Оқиғалар
Екібастұзда бағаннан құлаған электриктің жағдайы ауыр
25 жастағы электромонтер жұмыс істеп жатқан кезде бағаннан құлап кеткен болатын
Фото: pavlodarnews.kz
Ер адамнан көптеген сынықтар мен жарақаттық шок анықталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Екібастұзда 25 жастағы электромонтер жұмыс істеп жатқан кезде бағаннан құлап кеткені хабарланған болатын.
«Жәбірленушіге алдын ала келесідей диагноз қойылды: политравма, үшінші дәрежелі травматикалық шок, мидың үшінші ауырлықтағы контузиясы, сүйек сынықтарының жылжуымен оң білек радиусының жабық сынуы», - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Дәрігерлер ер адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты