Алматыда полиция есірткі сататын орынның қызметін тоқтатты
Ол жерге есірткі тұтыну мақсатында 15 адамға дейін жиналған
Алматыда полиция есірткі сататын орынның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ол Әуезов ауданындағы пәтерлердің бірінде болған. Жедел уәкілдердің айтуынша, ол жерге есірткі тұтыну мақсатында 15 адамға дейін жиналған. Полиция келген кезде үй дәстүрлі түрде лық толы болды.
«Есірткі үйінің бастамашысы және ұйымдастырушысы – пәтердің иесі – 44 жастағы Ц.есімді азамат болып шықты, оның өзі де есірткі қолданушы. Оның үйінен мефедрон, героин сияқты заттар табылды және тәркіленді. Аталған факт бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. “Қонақтар” да полиция бөлімінде жауап алынды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 302-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды тұтыну үшін үй-жайларды ұйымдастыру немесе ұстау және сол мақсаттар үшін мекемелер беру) бойынша квалификацияланған. Ц.есімді азамат уақытша ұстау изоляторына орналастырылды», – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.
Сондай-ақ, спикер өткен жолы Алматыда героин сатушы ұсталғанын атап өтті.
«Арлан» арнайы бөлімшесінің және кинологиялық орталықтың қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны есірткі сатқаны үшін ұсталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматыда есірткі қамтамасыз ету арнасын анықтау бойынша шаралар қабылдануда», – деп түсіндірді Ерлан Алмағамбетов.