ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Алматы облысында оқушы қызды ұрып-соққан екі әйелдің біреуі ұсталды

Екінші күдіктінің кім екенін анықталды

скриншот: видео

13 мамырда Алматы облысында 16 жастағы мектеп оқушысын белгісіз әйелдер соққыға жықты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 18:35-те аялдамада екі әйел кәмелет жасына толмаған қызды ұрып, содан кейін таксиге мініп қашып кеткен.

16 жастағы оқушы қыз Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізіліп, тәртіп сақшылары күдіктілерді жедел іздестіруге кірісті.

Жасөспірімді ұрып-соғып, таксиге мініп қашып кеткен екі әйелдің бірі 19 мамырда ұсталды. 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны арнайы дәлелдерден кейін кінәсін мойындады. Оқушыны ұрған екінші күдікті әйел адамның кім екені анықталды. Ол 30 жастағы Еңбекшіқазақ ауданының Бәйтерек ауылының тұрғыны. Бірақ ол әлі қолға түспеді. Оны ұстау үшін полицейлер жұмыс істеп жатыр.