Екібастұз тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті қамауға алынды

фото: pavlodarnews.kz

Екібастұз қаласында арнайы операция барысында есірткі тасымалдады деген күдікпен ер адам ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Toyota Carina маркалы автокөлігінің салонынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет пен үш брикет тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 12 келіден асатын кептірілген марихуана есірткі құралы болып табылады, - деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Күдікті - Екібастұз қаласының 25 жастағы тұрғыны қамауға алынды.