ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

Дәрігерге тіл тигізген алматылық тұрғын бес күнге қамалды

Ер адам күзетшінің мұрнын сындырып, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тіл тигізген

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда №7 клиникалық ауруханада күзетшіні соққыға жығып, дәрігерді балағаттаған 36 жастағы тұрғын қамауға алынды деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Оқыс оқиға 8 мамыр күні №7 қалалық клиникалық ауруханада болды. Алматы тұрғыны күзетшінің мұрнын сындырып, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тіл тигізді. №7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, ер адам ауруханаға түскен әйеліне ерекше қарауларын талап етті», - делінген хабарламада.

Қоғамдық орында және қызметтік міндеттерін атқару кезінде ар-намыс пен абыройын қорлағаны үшін дәрігер полицияға шағым түсірді.

Сот отырысынд ер адам кінәсін мойындап, құқықбұзушылық фактісін растады. Ол істеген ісіне өкініп, соттан қатаң жазаламауды сұрады.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшілік кодекстің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы шешім қабылдады.

Сот оны 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.