Олар үлкендердің қарауынсыз қалған
Ақтөбе қаласына жақын орналасқан Бекқұл баба ауылында кішкентай екі бала өзенге ағып кетті деп жазады «Мой ГОРОД».
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кезекші бөлімге шақырту 12 мамыр күні сағат 12:29-да келіп түскен. 5 және 6 жасар екі бала Жаман Қарғалы өзеніне батып кеткен. Оқиға орнына сүңгуірлер, құтқарушылар және ТЖД-ның психолог мамандары келіп жеткен. Олар оқиға орнына жеткенше сол маңдағы адамдар 5 жасар баланың денесін судан өздері алып шығыпты.
Белгілі болғандай, балалар үлкендердің қарауынсыз қалған. Суға олар киімсіз түсіпті. Түнгі 00:09-да құтқарушылар жағадан 3 шақырым қашықтықта 7 метр тереңдіктен алты жасар баланың денесін алып шықты.
Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысында 5 адам суға батып қайтыс болды. Олардың үшеуі ересек болса, екеуі кішкентай бала.