Бұл - облыстағы соңғы кездегі осындай үшінші оқиға
Батыс Қазақстан облысында тағы бір оқушы асылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 желтоқсан күні Сырым ауданында болған. Сағат 18.44 шамасында Бұлан орта мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы үйінде өзіне-өзі қол жұмсаған. Қыз бала толық, аз қамтылған отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарының сөзіне қарағанда, қыздың сабағы жақсы болған. Бұл отбасында 2 қыз, 2 ұл бала болса, марқұм соның бірі еді. Бұл - соңғы кездегі осындай үшінші оқиға. Бұдан бұрын Жаңақала ауданында қос бірдей 11-сынып оқушысы асылып қалған болатын.