Тараздық полицейлер іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам мереке күндері туыстарына қонаққа барған кезде қолға түсті

Фото: ашық дереккөзден

Тараздық полицейлер іздеудегі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полицейлері ҚР ҚК-нің 44-бабы (Сотталғандарға пробациялық бақылауды бұзу) бойынша 2020 жылдан бері іздеуде жүрген 50 жастағы қылмыскерді ұстады.

«Полиция қызметкерлері анықтағандай, ер адам мереке күндері туыстарына қонаққа баруды ұйғарған, алайда ол сол жерде ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамаққа алынды», – деді Жамбыл облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Ардақ Мадимаров.