ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

«Оны ешкім тоқтатқан жоқ» – қазандық лаңкес мектепке қаруын жасырмай алып кірген (ВИДЕО)

Қантөгіс салдарынан 9 адам қаза тапты

Фото ашық дереккөзден

Қазан қаласындағы мектептердің біріне шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің оқу ғимаратына қаруын жасырмай алып келген сәті бейнекамераларға жазылып қалған. Бұл видеокадрларды РЕН ТВ телеарнасы көрсетті.

Бейнематериалдан Галявиевтің көше бойымен қару ұстап жүргені, мектепке де емін-еркін кіріп кеткенін анық байқауға болады. Көшедегі адамдар оның қолындағы мылтыққа назар да аудармаған сыңайлы.

Лаңкес қарудан бөлек арқасына рбкзак асынған. Телеарна хабарлауынша, сөмкеде оқ-дәрі толы болған.

Еске салайық, Татарстан астанасындағы №175 мектепте атыс 11 мамыр күні таңертең болды. 19 жастағы Ильназ Галявиев оқу ғимаратына басып кіріп, ондаған адамды атып тастаған. Салдарынан кемі тоғыз адам қаза тапты. Оның жетеуі балалар болса, екеуі – мұғалім.