Жаңаөзен моншаларынан 9 жезөкше ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қыздарды бөлімшеге жеткізді 

Фото: ашық дереккөзден

Жаңаөзен моншаларынан тоғыз жезөкше ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Осы жылдың 7 мамырында Жаңаөзен қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері “жеңіл жүрісті” тоғыз қызды ұстады. Олар моншалардың клиенттеріне ақылы қызмет көрсеткен. 

Полиция қыздарды бөлімшеге жеткізді. 

Белгілі болғандай, жасы 18-ден 39 жасқа дейінгі жезөкшелер Жаңаөзен қаласына Шымкент пен Тараздан ақша табу үшін келген.