Қазақстанда коронавирустан бір тәулікте 31 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

COVID-19 инфекциясын жұқтырған 803 адам ауыр жағдайда жатыр

Фото: iz.ru

Денсаулық сақтау министрлігі 8 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 31 адам қайтыс болды.

8 мамырдағы мәлімет бойынша, 42 695 адам коронавирус инфекциясынан (42 188 КВИ+ және 507 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 803 адамның жағдайы ауыр,
• 174 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сүйенсек, 6 мамырдағы мәлімет бойынша 119 жаңа жағдай тіркелді. 83 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 53 519;

нөлім жағдайлары – 829;

барлығы 52 183 адам сауығып шықты.