Қарағанды-Теміртау тас жолында 5 автокөлік соқтығысып, 3 адам ауруханаға жеткізілді
Оқиғаға кінәліні анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалған
Қарағанды-Теміртау тас жолында бірнеше автокөліктің қатысуымен болған жол көлік оқиғасына көктайғақ себеп болды деп хабарлайды eKaraganda порталы.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігі жылтыр мұзда жүре алмай, тоқтап қалған. Оның артынан келе жатқан Volkswagen Т4 және Audi маркалы екі автокөлік жүргізушілері тізгінге ие бола алмай, жүк көлігін артынан барып соғыпты.
Жол көлік оқиғасын көрген Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі жол шетіне тоқтаған сәтте, оның ашық тұрған есігіне Toyota Highlander автокөлігі соғылып, артынша жол жиегіне түсіп кетіпті.
Оқиға салдарынан 5 автокөлік бүлінген. Сондай-ақ, бір жүргізуші мен екі жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.