Күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Қарағандыда қонаққа келген жас жұп үй иесін тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
29 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, пәтерінде ұрлық болғаны туралы айтты. Жәбірленушінің айтуынша, ол үйіне қыз бен жігіттің қонып шығуына рұқсат берген. Келесі күні қонақтар кеткенде үй иесі 30 мың теңгесі, ұялы телефоны, күміс алқа мен колонкасының жоғалып кеткенін анықтаған. Шығын мөлшері 133 мың теңгені құрайды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.1 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер 20 жастағы жас жігіт пен 22 жастағы қызды ұстады. Олар кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.