Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Ақтөбе облысында жол апатынан қызылордалық екі тұрғын қаза тапты

ВАЗ-2105 көлігі қарсы бағытқа шығып кетіп, «КамАЗ» автокөлігіне соғылған

Ақтөбе облысында ірі-жол көлік апаты болып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 мамыр күні Самара – Шымкент тасжолында болған қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмған. 

«Күндізгі уақытта ВАЗ-2105 көлігінің 33 жастағы жүргізушісі, Қызылорда облысының тұрғыны «Тұлпар» кемпингіне жақындап қалғанда қарсы бағытқа шығып кетіп, Қызылорда облысының тағы бір тұрғыны, 40 жастағы жүргізуші басқарып отырған «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан», - делінген хабарламада.

Жол-көлік апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 29 жастағы жолаушысы алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапқан.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.