4 адам ауруханада жатыр
Ақтөбе-Орынбор бағытындағы тас жолда екі көлік соқтығысып, төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Ал «Ауди» маркалы темір тұлпардың жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, ол жолдың қарсы жолығына шығып кетіп, «Газельге» соққан.
Халықаралық бағыттағы тас жолда болған оқиға Мәртөк кентінің маңында болған. Екі көлікте болған 4 жолаушы елдімекендегі емдеу мекемесінде жатыр.