Оқиға 30 сіурде сағат 13:30 шамасында болған
Өскеменде алпыс жастағы қала тұрғыны Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға 30сәуірде сағат 13:30 шамасында болған.
«Үш қайыққа мінген жедел құтқару жасағының қызметкерлері оқиға орынына дереу жетті. Он адамнан тұратын жеке құрам жағалауды сүзіп шықты. Сондай-ақ іздестіру жұмыстарына патрульдік полицейлер де араласты. Көп уақыт өтпей әйел адамның денесі табылды. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталып жатыр», – деп хабарлады төтенше жағдай өкілдері.