Шымкентте көше бойына құм және тас төккен азамат жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның бұл әрекеті профилактикалық тексеру жұмыстары кезінде анықталды 

Шымкентте көше бойына құм және тас төккен азамат жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап.  

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары үнемі профилактикалық тексеру жұмыстарын жүргізеді. 

2021 жылғы 29 сәуір күні тәртіп сақшылары әкімшілік аумағын аралау кезінде Ақпан Батыр көшесі №3 үйдің алдында жергілікті тұрғын құм және тас төккенін байқады. Аталған заттардың иесі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 505-бабы 1-бөлігі 1-тармағымен әкімшілік шара қолданды.