Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 миллиард теңге шығын келтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық топ жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекетке 2 миллиард теңге шығын келтірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық экономикалық тергеу басқармасының мәліметі бойынша,  ведомство іс жүзінде жұмыс жасамай шот-фактуралар шығарумен айналысқан деген күдікке ілінген ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Заңсыз қызмет бақыланатын 17 жалған кәсіпорынның атынан жүзеге асырылған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінен мемлекетке 2 миллиардтан астам теңге көлемінде шығын келтірілді", - деді департаменттің жедел уәкілі Максим Зенгер.

Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотының шешімімен ұйымдастырушы мен қатысушыларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.