18 жастағы қыз суицидке ата-анасымен болған жанжалдан кейін бармақ болған
Ақтөбеде бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
27 сәуірде учаскелік полиция инспекторы Талғат Мыңжасаровтың телефонына жергілікті тұрғыннан Ақтөбе қаласының 41 разъезд ауданында орналасқан көпірден бойжеткен секіруге тырысып жатқаны туралы қоңырау келіп түсті. Учаскелік полиция инспекторы дереу шақыру орнына шығып, көпірдің шетінде тұрған қызды көреді. Т.Мыңжасаров қызды әңгіме тартып, бұл әрекетінен бас тартуға шақырды.
Қызды полицей құтқарып, ата-анасына тапсырды.
18 жастағы қыздың ата-анасымен болған жанжалға байланысты көпірден секіруге тырысқаны белгілі болды.