$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2021, 02:37
Оқиғалар

Шымкентте өзбекстандық отбасы уланып, отанасы көз жұмды

Ауруханаға жеткізілген екі баланың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

Шымкентте өзбекстандық отбасы уланып, отанасы көз жұмды

Шымкентте Өзбекстаннан келген отбасы белгісіз затпен уланған. 36 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды, ал екі баласы ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы.

Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, олар қалаға пойызбен келіп, хостелден бөлме жалдаған көрінеді. Ал таңғы уақытта өздерін нашар сезінген. Газ саласының мамандары ол отбасы тұрған бөлмеден мұржасы жоқ ағынды су жылытқышты, яғни гофраны тауыпты.

Бірақ тексеру кезінде терезелер ашылып, кран жабылған. Сол себепті мамандар әйел адамның өлімі тамақтан улану салдарынан болуы мүмкін екенін айтады. Көз жұмған келіншектің бақилық болмас бұрын баялдыр жегені белгілі болды. Қазіргі таңда ол тағам зертханаға жеткізілген.

«Өзбекстан Республикасының азаматтары пойызбен келіп, хостелге қоныстанған Олар: 1985 жылы туған әйел мен 2016 және 2010 жылдары туған екі бала. Қазіргі уақытта балалар ауруханада. Бір баланың жағдайы орташа, ал екіншісі жансақтау бөлімінде жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Шымкент қаласы ТЖД басқармасының бастығы Бахадыр Расулов.

Серіктес жаңалықтары