Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды
26 сәуір сағат 22:26-да Қарағанды облысына қарасты Қаражал қалалық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны шағымданып, кәмелет жасқа толмаған қызының жоғалғанын хабарлаған. Іздеуге полиция қызметкерлері, қалалық әкімдік, төтенше жағдай қызметкерлері және еріктілер қатысып, қала төңірегін түгел шарлады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметінен хабарланды.
Іздестіру барысында қараусыз қалған үйлердің бірінен 55 жастағы азамат ұсталды. Оның қасында жоғалған қыз бала болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.