Атырауда каналға батып кеткен 9 жасар баланың денесі іздестіріліп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

2012 жылы туған бала су арнасына батып кеткен

 

Атырау облысында каналға батқан баланы іздеу жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сенсек, қайғылы жағдай Жылыой ауданындағы Құрса каналында болған.

2012 жылы туған бала су арнасына батып кеткен.

«26 сәуір күні кешкі 20:35 кезінде құтқару қызметіне шұғыл хабар келіп түскен. Сол сәтте оқиға орнына сүңгуірлер тобы жіберілген. Су астынан баланы іздеу жұмысы 1,5 сағатқа созылды. Қараңғы түскен соң қауіпсіздік мақсатында іздеу жұмысы тоқтады», - делінген хабарламада.

Дегенмен құтқарушылар баланың денесін қайық және тиісті құрал-сайманның көмегімен іздеп жатыр.

Аталған шараларға құтқарушылар, баланың туыстары және волонтерлер жұмылдырылған. Бұл жұмыс тоқтамайды.

Таңертең Жылыой ауданына Атыраудан қосымша сүңгуірлер келеді.