Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

 

Шымкентте алаяқтық жолмен несие алған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 23 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданды.

«Тұрғын өз арызында 2020 жылдың желтоқсан айының соңында белгісіз біреу өзінің жеке дерегін пайдаланып, яғни жеке куәлігі арқылы микрокредит ұйымынан 15 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен», - делінген ПД хабарламасында.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының учаскелік полиция инспекторларының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы тұрғын ұсталды. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.