Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды
Целиноград ауданында полиция қызметкерлері екі қылмыс жасаған қаскүнемді "ізін суытпай" ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың 22 сәуірінде күдікті екінші топтағы мүгедекке пышақ жарақатын салып, тұрғын үйді өртеп жібергені туралы үйдің 47 жастағы иесі хабарлады.
Үйлердің бірінің ауласында қаскүнем оталып тұрған көлікті көреді. Жағдайды пайдаланып, ер адам бұл көлікті айдап әкеткен. Қырқыншы станциядан алыс емес жерде күдікті жол апатына ұшырап, апат орнынан қашып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы елді мекеннің 26 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған фактілер бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу), ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның өртке қатысы бар-жоғы тексеріледі. Тергеу амалдары жүргізілуде.