Алматы облысында үш бас сиырды қаққан көліктегі жолаушы мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Жолаушы небәрі 33 жаста болған

скриншот: видео

25 сәуір сағат 19:00 шамасында Талғар ауданында жол апаты болып, Hyundai HD270 маркалы самосвал жүргізушісі «Ақбұлақ-Талғар» автожолында батысқа қарай бет алып, жолда үш сиырды қақты.

Жол апаты салдарынан 33 жастағы көліктегі жолаушы мерт болды. Сондай-ақ көлік қаққан үш бас сиыр да өлген.

Алматы облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.