Күзетшіні полицейлермен атысып, соңында 17-қабаттан секіріп кеткен ер адам жаралаған болатын
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде аяғына тиіп жараланған күзетшінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер жедел түрде ауруханаға жеткізілген күзетшіге тиісті ем-дом шаралары дер кезінде жүргізілгенін мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты, барлық қажетті симптоматикалық ем-дом шараларын алып жатыр», - деді қалалық ҚДСБ өкілі.
Еске салсақ, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінің күзетшісіне оқ атып, аяғынан жаралаған. Кейінірек ол өзі жасырынып жатқан пәтеріне іздеп келген полиция қызметкерлерімен бірнеше сағат бойы атыс жүргізіп, артынша 17-қабаттан секіріп кеткен. Қалалық Полиция департаментінің өкілдері оның Ресей Федерациясының азаматы екенін мәлімдеді.