Өрттің ауданы мен себептері анықталып жатыр
Павлодар – Ақсу бағытындағы жаңа көпірдің маңында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Әлеуметтікжелілерде Павлодар – Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолының бойында өрт шыққаны жайлы бейнеролик жарияланды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13:38-де құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнында жеке құрамнан 7 адам және 2 техника жұмыс істеуде. Өрттің ауданы мен себептеріанықталуда", - деді департаменттегілер.