БҚО-да полицей ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен ер адам комада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында полиция инспекторы ер адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментіні өкілдері полицейді өзінің көлігімен келе жатқанда жаяу жүргіншіге арналмаған жолды кесіп өтпекші болған адамды қағып кеткенін айтты.

«Көлік тізгінінде Тасқала полиция бөлімінің жол-техникалық инспекциясы тобының аға меминспекторы Сәкен Қожан болған. Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» және «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу» жүріп жатыр. Өзіндік қауіпсіздік қызметі қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - дейді БҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Александр Плешаков. 

Сот-медициналық сараптамашылар инспектордың қан құрамында алкоголь болмағанын айтады. Қазіргі уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 56 жастағы ер адам қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Ол комада жатыр. Оның жағдайы ауыр деп бағаланған. 

Айта кетейік, соңғы айда бұл БҚО полицейлерінің қатысуымен болған үшінші жол-көлік оқиғасы. 

Тегтер: