ШҚО-да 10 жылдан бері іздестіруде жүрген қылмыскер ұсталды
Ол осыдан он жыл бұрын облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері 10 жылдан астам уақыт бойы іздестіруде жүрген қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2011 жылдың қарсаңында күдікті үш серіктесімен бірге облыс орталығындағы сауда үйлерінің біріне қарақшылық шабуыл жасаған.
Қаскөйлер дүкеннен 3,5 млн. теңгесі бар сейфті ұрлап кеткен. Аталған қылмысқа қатысқан қаскөйлердің барлығы ұсталып, сотталған, алайда күдіктілердің бірі осы уақыт ішінде бостандықта жүрген. 10 жыл өткеніне қарамастан, ағымдағы жылы ШҚО криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні іздестіру жұмысын күйшейтіп, нәтижесінде ол анықталып, ұсталды.
"Күдікті жедел - іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әріптестердің көмегімен сәуір айының басында Алматы қаласында ұсталды", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта 44 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Алдағы уақытта ол Өскемен қаласына этапталатын болады.
Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жедел уәкілдер 46 қылмыскерді анықтап, ұстағанын айта кеткен жөн.