Жамбыл облысында 46 жастағы адамды ұрлап кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция екі күдіктіні ұстады

Тараз қаласының полицейлеріне жергілікті тұрғындардың бірі хабарласып, 46 жастағы туысының кенеттен жоғалып кеткенін айтқан деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабымен (Адам ұрлау) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізген. Осы іздеу жұмыстары барысында жедел-тергеу тобы адам ұрлады деген күдікпен екі тұрғынды ұстаған. Ал, жоғалып кеткен адам болса Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен табылды.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің әйел адамды қандай мақсатта ұрлағаны айтылған жоқ.