Тараздағы балалар ауруханасына оқ-дәрі жарақатымен үш жасөспірім түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті ұсталып, қамауға алынды

көрнекі сурет

Тараз қаласының Полиция басқармасына кәмелет жасқа толмаған үш жасөспірімнің оқ-дәрі (бытыра) жарақатын алып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыс жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, өміріне ешқан қауіп жоқ», - делінген хабарламада.

Қылмыстық істің толық мән-жайы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.