Шымкент тұрғыны 343 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған

Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент тұрғыны 343 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденіп алған

14 сәуір күні Қаратау аудандық полиция басқармасының «102» арнасы арқылы Бурятия Республикасының 63 жастағы тұрғыны арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy«Отырар» телеарнасына сілтеме жасап.

Ол өз арызында 2017 жыл мен 2019 жыл аралығында өзінің танысы Қазақстан Республикасы аумағынан полиметалл кенінің сызбасын тауып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 343 250 000 теңгесін алып, материалдық шығын келтіргенін көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Шымкент қаласының 38 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.