Павлодарда 16-шы қабаттан секірмек болған тұрғын құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам мұндай қадамға әйелімен ұрсысып қалған соң барған

 

Қала тұрғыны әйелімен ұрсысып қалған соң осындай қадамға барған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Сағат 15.50-де полицияға Назарбаев даңғылы, 50 мекенжайы бойынша 16-шы қабаттағы ер адам балконнан  секіріп кеткелі тұрғаны туралы қоңырау түсті. Шақыруға полиция, шұғыл қызметтер шықты.  Мас ер адам әйелімен ұрысқаны анықталды. Оқиға орнына келген полицейлер 16-шы қабатқа көтерілді», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Полиция басқармасы орталық полиция бөлімінің жедел уәкілі аға лейтенант Асхат Маралбаев тыныштандыру үшін оны әңгімеге тарта бастады. Полиция қызметкері онымен  бір сағаттан астам райынан қайтаруға тырысты.

Соңында  тәртіп сақшысы ер адамды көндіріп, оған шетінен жақындап, қауіпсіз жерге түсуге көмектесті. 

Қала тұрғыны медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Суретті куәгерлер ұсынды.