Экология министрлігі Алматы облысындағы орман өрті туралы хабарлады

Автор: Azattyq Rýhy

Балқаш ауданы аумағындағы орман өрті әуеден бақыланды

14 сәуірде Балқаш ауданының жер қорында болған дала өрті қатты желдің әсерінен Күрті ОШКММ Тау-Құм орманшылығына ауысқан. 15 сәуірде әуеден «Қазәуеорманқорғау» РМҚК ұшағымен бақылау жүргізілді. Олардың берген ақпаратына сәйкес, желдің бәсеңдеуіне байланысты өрттің таралуы тоқтаған. 

Қазір Күрті орман шаруашылығы КММ - 30 адам, өрт сөндіру автокөлігі, трактор, 5 жеңіл автокөлік, аудандық ТЖБ - 1 көлік, 6 адам, «Қазәуеорманқорғау» РМҚК - 9 адам, Желтораңғы ауылдық округінен 6 адам орман өртін сөндіру жұмысын жалғастыруда. Өрт сөндіру ешкім зардап шеккен жоқ, адам шығыны болған жоқ.

Өрттің аумағы мен келтіріліген залал көлемі, өрт толық сөндірілген соң есептеліп, қосымша айтылады.

Екінші өрт 15 сәуірде Іле-Балқаш резерваты Іле сағасы филиалының Наурызбай кардонынан батыс бағытта 10-15 шақырым жердегі жер қорында басталып резерваттың 13-орамы 1-теліміне ауысқан.