15.04.2021, 14:22
Оқиғалар
«Ирина Кайратовнаның» концертінен кейін Ақтаудағы Rixos қонақүйіне айыппұл салынды
Кешен иесіне 800 АЕК айыппұл салынды
Ақтауда концерт ұйымдастырған RIXOS WATER WORLD демалыс кешені 2 млн 333 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін. Себебі, қаладан 20 шақырым жердегі теңіз жағасында орналасқан курорттық аймақ тұрғындардың жиналуымен концерт ұйымдастырған. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Карантин талабын бұзғаны үшін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен ірі кәсіпкерлік нысан иесіне хаттама толтырылып, түсініктеме алынды. 800 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ақтау қаласындағы Rixos қонақүйінде Қазақстанға танымал «Ирина Кайратовна» тобының қатысуымен концерт өткізілген.
Көп оқылған
23.10.2026, 15:58
«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)
23.10.2026, 16:16
«Дұшпан алыстан келмейді»: 4500 жетімге пана болған Әмина апа өміріндегі қиындықтары туралы айтты (ВИДЕО)
23.10.2026, 10:47
Балқаштың жерін тас-талқан етіп қазып тастаған жігіт ұзақ жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)
23.10.2026, 09:39
«Бүгінге дейін 20 үй алатын ақшам болған шығар»: танымал актер мүшкіл жағдайын еске түсіріп, жылап қалған (ВИДЕО)
23.10.2026, 12:45
18 градус суық: Қазақстанда демалыс күндері ауа райы суытып, қар жауады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды