Оның неден көз жұмғаны белгісіз
Ақтаудағы жеке балабақшада 2018 жылы дүниеге келген сәби көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, бала 27-ші шағын аудандағы жеке балабақшаға барған. Сәбидің неден көз жұмғаны белгісіз.
«Бұл факт Ақтау қаласы полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.