Павлодар ауылында әйелдер монастыры өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

14 сәуір 22:11-де Павлодар қаласында Школьная көшесі 15/1 мекен-жайындағы «Павлодар және Екібастұз епархиясының Петропавл әйелдер монастыры» өртенді.

Бір қабатты кірпіштен тұрғызылған ғимараттың 540 шаршы метрі өртеніп, шатыры құлаған. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр болатын 1 газ баллонын эвакуациялады, сондай-ақ шіркеу ыдыстары сияқты материалдар эвакуацияланды.

Өрт сағат 01:40-та сөндірілді, қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оқиға орнында ТЖД жеке құрамынан 35 адам және 7 бірлік техника, электр желісі, «102», «103» қызметі, АМО, ТКШ, 1 водовоз (9т) жұмыс істеді.