Египетте автобус пен жанармай таситын көлік соқтығысып, 20 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның себептері анықталып жатыр

Египеттің Асьют провинциясында жантүршігерлік жол апаты болды. Жолаушылар автобусы тасжолда тұрған жанармай таситын көлікке соғылып, өртеніп кетті. Оқиға салдарынан 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.

Апат түнгі уақытта болған. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те отқа оранды.

Төрт жолаушы ғана тірі қалды, олардың арасында 12 жасар жасөспірім бар. Оқиға орнына 36 жедел жәрдем көлігі жетіп, қаза тапқандар мен жарақат алғандарды ауруханаларға жеткізді.

Оқиғаның себептері анықталуда.