Павлодарда туысын өлтіргені үшін сотталған көпбалалы ана сот залында босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпан айында 8 жылға бас бостандығынан айырылған әйелдің алты бар екені ескеріліп, сот үкімі қайта қаралды

 
Фото: ашық дереккөзден

Туысын өлтірген әйелдің жазасы жеңілдетілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Үкімді бүгін облыстық сотта жариялады. 

Сот үкім шығарған кезде сотталушының алты баласы бар екені ескерілді, олардың үлкені 11 жаста, кіші қызы өткен жылдың желтоқсан айында дүниеге келуі себепті үкімді азайтқан.

Сонымен қатар, әйелдің тұрғылықты жері бойынша оң сипатталғанын, жәбірленушіге қылмыс жасағаннан кейін бірден көмек көрсеткенін ескерді.

Марқұмның анасы сот үкімін қатал деп санайды.

«Мен ұлымды ғана емес, келінімді де жоғалттым. Ол кінәлі емес, ұлым кінәлі. Алты немере жетім қалды. Келін үйді, балаларды бақылап, бізге қамқор болды. Оны бас бостандығынан айырмауды сұраймын», - деді зейнеткер.

Бас бостандығынан айырмау туралы өтінішхатқа ауылдастары 170 қол жинаған. Олар сотталушыны сабырлы және мейірімді әйел ретінде сипаттады.

«Біздің, қоғамның немқұрайлылығы кінәлі. Бәрі біздің көз алдымызда болды. Марқұм жиі ішетін, ұратын. Мен әжемнен неге полиция шақырмайтынын сұрағанымда, ол «Ұят болады» деп жауап беретін», - дейді Жаңақала ауылының қоғам белсендісі Жауқасын Жұмағұлова.

Ауыл тұрғындары балалар әрдайым ұқыпты киінгенін, үлкендері жергілікті клубтағы үйірмелерге қатысқанын айтады.

Сотта сотталушының өзі егер оның қайтыс болғанын қаласа, жедел жәрдем бригадасын шақырмайтынын және оны өлтіретін ойы болмағанын мәлімдеді.

«Әйелге қауіпсіздігі орташа атқарушы жүйе мекемесінде жазасын өтей отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Бала 14 жасқа толғанға дейін жазаны өтеу мерзімі бес жылға кейінге қалдырылсын», - деп хабарлады облыстық соттың қылмыстық алқасының судьясы Теміртас Махватов.

Көпбалалы ана сот залында қамаудан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың ақпан айында Жаңақала ауылының тұрғыны орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Өткен жылдың қыркүйегінде әйел асүйде сарымсақ турап тұрғанда мас туысы мазасын алған. Ол жүктіліктің соңғы айында болған сотталушыны қорлап, қорқытқан және бір сәтте ұрып жіберген. Өкінішке қарай, әйелдің пышақпен жарақаттауының соңы туысының өліміне әкеп соққан. Кісі өлтіргені үшін көпбалалы ана кінәлі деп танылып, алғашқы сот үкімінде орташа қауіпсіздік мекемесінде сегіз жылға бас бостандығынан айырылған еді.